Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Тауекелов Алтай Батырбекұлы

Тәуекелов Алтай Батырбекұлы 1978 жылы 11 акпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1996-2000 ж Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік кино және өнер институтын «Сөйлеу жанрының актері» мамандығы бойынша білім алды. 2000-2003 жж. аралығында Мемлекеттік қуыршақ театрында қуыршақ жанрының актері болып қызмет атқарды.

2019 жылы өнер саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында жарық көрген "Алтын кітап" республикалық энциклопедиясына еніп, Мәдениет саласына қосқан үлесі мен кәсіби жеткен жетістіктері үшін, Құрмет грамотасы және "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісін иеленген. 

Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Аққу Жібекте» - Бекежан, «Үшторайда» - қасқыр, «Қаңбақшалда» - қарадәу, «Атамекенде» - Айсұлтан, «Алтын балапан» - қасқыр, «Сұғанақешкі» - ата, «Каштанка» - Иван Иванович, «Түймеқыз» - ханзада, «Кішкентайханзада» - кішкентайханзада, «Ана – ЖерАна» - Сұбаңқұл, «Сағыныш шөбі» - палуан, «Мен депойла».