Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Кесте

Барлығымыздың бойымызға бала кезімізден қайырымдылықты, қарапайымдылықты сіңірген әйгілі «Шалқан», «Үйшік», «Маша мен Аю» атты үш бірдей классикалық туындылар «Орыс халық ертегілері» қойылымына енген. «Шалқан»: Саусақ бірікпей, Ине ілікпейді. «Маша мен аю»: Жасы кішінің, ақылы асса, аға тұт. «Үйшік»: Ынтымақты үйдің бағы бар, Ынтымақ кетті, бақ кетті.
Қазақ халық ертегісінің желісімен жазылған, жаңаша режиссерлік ұтқыр шешімдермен өзгешеленетін қазақы ұлттық дүниетаным мен адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін «Ұр.тоқпақ!» қойылымының басты ерекшелігі - қуыршақ кейіпкерлердің сан қырлылығанда. Аңғал да сенгіш, ақкөңіл де мейірімді ақсақал қошақанын іздеп жүріп, тұзаққа түсіп қалған қазды құтқарып қалады. Қарапайым қазды емес таңғажайып данышпан Қазбайды құтқарған ақсақал мен кемпірі екеуінің өміріне сол сәттен бастап үлкен өзгеріс енеді. Қазбай ақсақалға алғыс ретінде «Піс қазан», «Құс есек» және «Ұр, тоқпақ» атты ерекше сиқырлы сыйлықтар ұсынады...
Барлығымыздың бойымызға бала кезімізден қайырымдылықты, қарапайымдылықты сіңірген әйгілі «Шалқан», «Үйшік», «Маша мен Аю» атты үш бірдей классикалық туындылар «Орыс халық ертегілері» қойылымына енген. «Шалқан»: Саусақ бірікпей, Ине ілікпейді. «Маша мен аю»: Жасы кішінің, ақылы асса, аға тұт. «Үйшік»: Ынтымақты үйдің бағы бар, Ынтымақ кетті, бақ кетті.
Бала кезінде кім мейірімді, адал және батыл дос туралы армандамайды? Ақбай болса дәл осындай! Ол – ауыл ауласының басшысы және Тамлетамақ есімді қу мысықпен көрші. Бір күні ауыл өмірін тастап, Ақбай мен Тамлетамақ қалаға аттанып, күтпеген жерден түрлі оқиғаларға тап болады. Тамлетамақ қаланы аралап, өзі серуендейді. Ал осы уақытта Ақбай жаңа достар тауып, оларға зұлым қала иттерін басып тоқтатуға көмектеседі.
Қызыл телпек – мейрімді, бауырмал, қамқоршы қыз. Ол анасымен бірге орман шетінде тұрады, ал әжесі орманның екінші шетінде тұрады. Қызыл телпек анасы пісірген бәліштерді әжесіне алып бара жатып, жолда сұр қасқырға тап болады. Аш қасқырдан зорға құтылған ол әжесіне келеді. Бірақ, төсекте әжесі емес, әжесін жеген әлгі қасқыр жатады... Ертегі сәтті, күтпеген тосын сыймен бітеді. Ғажайып сиқырдың көмегімен қасқыр піл баласына айналады. Қызыл телпек пен піл баласы орманды күзетіп, гүлдерге су құйып, күтім жасайтын болады.

Бақ біз туралы

Барлық мақалаларды оқу

Біздің серіктестер