Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Бейсембаева Гүльвира

Бейсембаева Гүлвира Жұмақанқызы 1982 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Малый Рехан ауылында дүниеге келген. 2002 жылы Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде "қуыршақ жанрының артисті" мамандығын тәмамдап, сол жылы Алматы Мемлекеттік Қуыршақ театрында қызмет атқарып келеді.

2012 ж ІІ-ші Бүкіләлемдік Қуыршақтар Карнавалына қатысқаны үшін марапатталды.

2015 ж Қазақстан театр қайраткерлері одағының 50 ж байланысты марапатталды.

Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Аққу Жібек» - Жеңгесі, «Гадкий Утенок» -Түлкі, «Үш торай» - Ниф-Ниф, «Тарқамайды тойымыз» - Майкл Джексон, «Алтын балапан» - Балапан, түлкі, «Жаңа жыл» - Мальвина, Буратино, Пингвин, «Кішкентай бақаның шым-шытырық оқиғалары» - Филуночка, «Түйме қыз» - Түйме қыз, «Алқызыл гүл» - Капа, «Алибаба және қырық қарақшы» - Фатима, Зейнаб, «Тоба» - Қыз Бекіре, «Буратино» - акробат қыз, «Құлыншақ пен бөлтірік» - қасқыр, «Медея» - Эрида.