Қазақша  |  Русский  |  English

Актерлер

Тезекбай Ерсұлтан Салтанатұлы

Тезекбай Ерсұлтан Салтанатұлы

Артист

Тезекбай Ерсұлтан Салтанатұлы 1999 жылғы 13 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.

2006–2017 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданындағы №149 жалпы білім беретін орта мектепте білім алып, тәмамдаған.

2017–2021 жылдар аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» факультетінде «Драма театры және кино әртісі» мамандығы бойынша білім алып, жоғары оқу орнын аяқтаған.

2021 жылдан бастап Мемлекеттік қуыршақ театрының артисі ретінде қызмет етуде.

 

Театр сахнасында сомдаған рөлдері:

«Есте сақта, балақай!» – Өрт сөндіруші, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Әли. «Менің атым Қожа» –  Қожа, «Үш торай» – Наф-Наф, көмекші, «Бекзат чемпион» – Хуарес,  «Аладдиннің сиқырлы шамы» – Сұлтан, «Наурыз думан» – Қоян, «Каштанка» – Федюшка (бала), «Ана жүрегі» – Бала, «Аяз» – Аю, «Ақбайдың таңғажайып оқиғалары» – Рекс иті, «Үйшік» – Әтеш, Қасқыр,«Жақсылық пен жамандық» – Айдар, «Буратиноның шым –шытырық оқиғасы», «Алтын адам», «Сұғанақ ешкі», «Орыс халық ертегісі», «Көңілді қонжықтар», «Ер Төстік»,«Қызыл телпек», «Қуыршақ думан» – көпшілік сахна,