Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Өнімбай Гүлбаршын

Гүлбаршын Өнімбайқызы 25 шілдеде 1988 жылы ҚХР-ның Құлжа қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Политех университетіне оқуға түсіп, мамандығын ауыстыру мақсатында Түркістандағы Яссауи атындағы университетте 2007-2008 жылы білім алған. 2008-2012 жылы Т.Жүргенов атынағы қазақ ұлттық өнер академиясының  музыкалық драма артисі мамандығын алған. 2013 жылдан Алматы мемлекеттік қуыршақ театрында актриса қызметін атқарып келеді.

2008 жыл. Түркістан ханшайымы. Бас жүлде.

2008 жыл. М.Шахановтың Журналистер арнаулы сыйлығы.

Сахнадағы ойнаған рөлдері:«Алтын адам» Ағила, «Алтын балапан» Бақа, түлкі, «Морозко» Қоян, «Буратино» Циркач, «Медея» - Медея.