Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Момынжанова Ұлболсын Алтынбекқызы

Момынжанова Ұлбосын Алтынбекқызы -1983 жылы ОҚО Алғабас ауылында дүниеге келген. 2003 жылы Ж. Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің "қуыршақ жанрының актрисасы" мамандығын бітірген. 2016 жылы Қазақ педагогикалық университетінің «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылдан бері Мемлекеттік қуыршақ театрында жұмыс істеп келеді.

2012 жылы «Еңлікгүл» сыйлығымен марапатталды.

2016 жылы Медеу ауданының әкімінің Алғысхатымен марапатталды.

Сахнадағы ойғанрөлдері: «Қызыл телпек» - Қызыл телпек, «Сұғанақ ешкі» - ешкі, немере қыз, «Ал қызыл гүл» - Настя, «Үшторай» - Ниф-Ниф, «Құтан мен қарақшы» - Айко, торғай, «Али-баба және 40 қарақшы» - Зейнаб, «Солдатский котелок» - Котелок, «Атамекен» - Айсұлу, «Орыс халық ертегілері» - Маша,түлкі, мысық, «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» - Бонго-Тонго, папугай, «Көңілді қонжықтар» - әже, «Алтын балапан» - түлкі, «Каштанка» - күтуші әйел, «Сотқар бұзау» - бұзау, «Аққау Жібек» - аққу, «Аладдиннің сиқырлы шамы» - джин, «Морозко» - Даша, «Дед Мороз лето» - Света, «Спорт Қожа» - жалқау кемпір, «Лисенок плут» - түлкі, «Кішкентай бақаның оқиғалары» - Филуночка.

2023 жылы мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атынан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.