Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Иса Дамира Азатқызы

Иса Дамира Азатқызы 1995 жылы 5 мамырда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында дүниеге келді. 2002-2012 жылдар аралығында № 91 мектепте білім алып, 2012-2013 жылдары № 92 М.Ганди атындағы дарынды балалрға арналған мектеп-лицейінде білімін жалғастырды. 2017 жылы Т.Жүргенов атындағы Қақаз Ұлттық өнер академиясының «Музыкалық драма және кино артисі» мамандығын тәмамдады. Осы жылдан бастап Мемлекеттік қуыршақ театрында жұмыс істеп келеді. 

Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Қуыршақ думан», «Мен деп ойла», «Дәрумен» -Дамира, «Ана – Жер Ана» - Әлиман, «Сағыныш шөбі» - Зарема, «Су асты патшалығы» - Ханшайым, Инфанта-Акванта. «Медея» - Афродита.