Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Батылдар уақыты

Жанр: Ертегі
Автор: В.Зимин
Режиссер: Антон Зайцев
+6

Бұл ертегі орманда болған детективті оқиғаға негізделген. Шыбынжұт арамқұлақтарды жинап түзеңдегі барлық мейірімді саңырауқұлақтарды жою мақсатында жаңбыры бар сандықты ұрлап кетеді. Ормандағы бар тірі жанға қауіп-қатер төнуде! Бұл қылмыс істі шешуге Сазқатпа мен оның адал достары кіріседі.