Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Ұлағатты ұрпақ» жобасы| артист Дамира Иса дәрісі | "Сұғанақ ешкі"

14 Қаңтар 2022

Құрметті көрермендер! Қуыршақ театрының артисі Дамира Исаның «Ұлағатты ұрпақ» онлайн мәдени-білім беру жобасы аясында «Сұғанақ ешкі» қойылымы туралы берген қазақ тіліндегі дәрісін назарларыңызға ұсынамыз!

 

«Ұлағатты ұрпақ» – мектеп жасындағы балаларға онлайн форматта мәдени білім беруге бағытталған жоба. 2020 жылдың қазан айында іске қосылған. ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі бастамасы бойынша жүзеге асырылған. Жоба аясында бейнелеу өнері, театр, музыка, кино саларымен қатар Қазақстанның киелі жерлері, еліміздің атақты тұлғалары, этикет мәселесі жөнінде қазақ және орыс тілдерінде дәрістер беріледі. Олардың ұзақтығы 10-15 минут аралығында. Әрқайсысы мектеп оқушыларының сынып деңгейіне негізделіп түсірілген. Яғни бірінші сыныптағыларға, екінші сыныптағыларға, солай-солай он бірінші сыныптағыларға дейін.

Дәл осы жобаға Мемлекеттік Қуыршақ театрының артистері қатысып, лектор ретінде дәріс бейнебаяндарын дайындаған еді. Сондай бейнебаяндардың бірі – театрымыздың артисі Дамира Исаның екінші сынып оқушыларына «Сұғанақ ешкі» қойылымы жөнінде қазақ тілінде қызықты әрі түсінікті етіп берген дәрісі. Бейнебаян көңілдеріңізден шығады деп үміттенеміз!