Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Сұғанақ ешкі

Жанр: Ертегі
Автор: Михаил Супонин
Режиссер: Серік Мақұлбеков
+6

Ертегі адамзат баласының жануарлар алдындағы жауапкершілігі турасында сыр шертеді. Ауылдағы кішкентай лашықта шал мен кемпір немере қызымен тұрады. Күндердің-күнінде үйлеріне ойламаған жерден ешкі келеді. Иелерінің даналығы мен оған деген махаббатының арқасында ешкі әрдайым кешірімге ие болатын. Адамзат пен жануарлардың достығы, қарапайымдылықтары, бір-біріне деген сенімі кішкентай бүлдіршіндерді қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста, бақытты өмір сүруге үйретеді.

Билет алу