Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Театрымыздың басшысы абыройлы атаққа ие болды

23 Мамыр 2023

Өнер ордамыздың жетістіктер қоржыны кезекті мәрте лайықты марапатпен толықты!

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Астана қаласында өткен арнайы мерекелік гала-концерт аясында театрымыздың директоры Алмат Абдрахманов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтің табыстауымен «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды!

Театр басшысын айтулы марапатпен құттықтай келе, шығармашылық өрлеу, жаңа серпілістер, толағай табыстар мен берекелі бастамалар тілейміз!