Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрының» «Қағазды жаңбыр» спектаклі
Жанр: клоунада
Жас ерекшелігі: 7+
Ұзақтығы: 45 минут
Тілі: Орыс тілінде
Өтетін орны: Үлкен зал
Өтетін уақыты: 22-қазан, 14:00
Спектакльдің шығармашылық құрамы:
- автор әрі режиссер – Николоз Сабашвили
- суретші – Шынар Елембаева
Спектакль туралы:
Шырайлы да шағын бір қалашықта өмір өз арнасымен, еш қалтқысыз, мамыражай өтіп жатады. Оның тұрғындары қарапайым нәрселерден бақыт таба білетін: олар бірге аққала жасап, қар лақтырып ойнап, көше оркестрін құрып, қуаныш пен реніште де бірге болатын. Олардың айналасы шынайы бақытқа, жылылыққа толы еді. Бірақ күндердің күнінде бұл үйлесімділікке өркениет күшпен еніп кетеді. Алдымен алғашқы теледидар пайда болады, ал оның артынан — адамдарды өз еркінен тыс баурап алатын экрандар, гаджеттер мен виртуалды әлем қалашықты жаулай бастайды.
Театр туралы:
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» 2010 жылы құрылған. Театрдың негізгі мақсаты – қуыршақ өнерін дамыту, ұлттық мәдени мұраны дәріптеу және жас көрермендердің рухани-эстетикалық тәрбиесіне үлес қосу. Театр репертуарында қазақ халық ертегілері, әлем әдебиетінің классикалық шығармалары мен заманауи авторлардың туындылары қамтылған.
Шығармашылық ұжым Қазақстанда және шетелде өткен халықаралық театр фестивальдеріне тұрақты қатысып, көптеген мәртебелі марапаттарға ие болған.
Бүгінде театр елорданың мәдени өміріне белсене араласып, балалар мен ересектерге арналған спектакльдер арқылы көрермендердің ықыласына бөленіп келеді.