Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«САМУРАЙДЫҢ ҚЫЗЫ» | жапон халық ертегісі | II Almaty Puppet Festival – 2024

16 Қазан 2024

«Senju» театралдық компаниясы / Болгария, София қаласы

 

Режиссер: Любомир Костова

Сценография және қуыршақтар дизайны: Сенжу Такеда мен Мила Дикалова

Декора дизайн: Свилен Николов, Марин Пановски және Ясна Николова

Музыка: Мария Михайлова

 

Әрбір адамның жүрегінде таза махаббат пен мейірімділік бар. Міне, осыны спектакль кейіпкерлері көрермендерге жеткізеді. Сиқырлы тостағанның арқасында Уме мен Итаро сенім мен адалдықтың көмегімен бақытқа жетуге болатынын түсінеді.

Бұл қойылым «Үлкен қалпақ киген Химе» атты жапон халық ертегісінің желісі бойынша жасалған және балалар мен ересектерге де арналған. Спектакльді жасау үшін Такеда жапон қуыршақ театрының әдістері қолданылды, ал қуыршақтар Жапонияның түпнұсқа материалдарынан жасалған.