Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Еркебұлан Қабдыл Сәулебайұлы

Қабдыл Еркебұлан Сәулебайұлы 21.04.1992 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген. 

2010 - 2015 жылдары Алматы қаласы. Т.Жүргенов атындағы қазақ Ұлттық өнер академиясын «Драма театрының режиссері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2016 - 2018 жылдары Қазақ Ұлттық өнер академиясында режиссер саласы бойынша магистрлік білімін жетілдірген.

2016 - 2017 жылдары  Шымкент қаласы  Қ.Жандарбеков атындағы драма театрында, 2017-2018 жылдары  Б.Римова атындағы Алматы облыстық қазақ драма театрында қоюшы режиссер қызметін атқарып режиссерлік қабілетін қалыптастырған.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында  қоюшы режиссер ретінде қызмет атқаруда.

Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында  Т. Миннуллиннің  «Ауыл иті Ақбай» қойылымын сахналап, көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болды.   

2023 жылы "Еңлікгүл-2023" театр өнері кәсіби сыйлығына "Балаларға арналған спектакльдегі жылдың ең үздік шығармашылық жұмысы" номинациясы бойынша ие болды.