Қазақша  |  Русский  |  English

Актерлер

Ұлдахан Мадияр Ерланұлы

Ұлдахан Мадияр Ерланұлы

Артист

Ұлдахан Мадияр Ерланұлы 2001 жылы 8 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашаруа ауылында дүниеге келген.

2016 - 2020 жылдар аралығында Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде «Қуыршақ театр әртісі» мамандығы бойынша оқып, тәмәмдаған.

2020 - 2024 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Музыкалық театр әртісі» мамандығы бойынша Нұрғанат Жақыпбайдың шеберханасында білім алған.

2024 жылдан бастап Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрында актер ретінде қызмет атқарып келеді.

Қуыршақ театры сахнасында сомдаған рөлдері: «Есте сақта, балақай» – Еңбек пәнінің мұғалімі, «Етік киген мысық» – Король, «Үш торай» – Наф-Наф, «TAZA.KZ» – Клоун, «Қасқыр мен жеті лақ» – Пианист. «Алладиннің сиқырлы шамы», «Алтын адам», «Қуыршақ думан» - көпшілік сахна.