Артист
Серікова Ханшайым Абунасырқызы 1996 жылы 1 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.
1996–2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №142 жалпы білім беретін мектепте 1–4 сыныптарды оқып, 5–11 сыныптарды №59 жалпы білім беретін мектепте жалғастырып, орта білімін аяқтады.
2015–2019 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Музыкалық драма» мамандығы бойынша Гүлнар Бекенқызы Аманжанованың шеберханасынан білім алып, оқуды сәтті тәмамдады.
2022 жылдан бастап театр сахнасында қызмет атқарып келеді.
Театр сахнасында ойнаған спектакльдері: «Үйшік» – тышқан, «Көңілді қонжықтар» – Топ, «Алладиннің сиқырлы шамы»– Көмекші, «Бауырсақ»– бауырсақ, «Менің атым – Қожа» – Майқанова, «Шекпен»– Скрипаш, «Қасқыр мен жеті лақ» – Си, «Үш торай»– Наф, Нуф, «Қуыршақ думан», «Чемпион», «Мен деп ойла», «Өмір – өзен», «Алтын адам», «Түйме қыз», «Алтын балапан», «Қызыл телпек», «Мен кіммін?», «Сұғанақ ешкі» – спектакльдерінде көпшілік сахнада бой көрсетеді.