Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Ілиясова Кулжамиля

Ильясова Күльжамиля Айыпқызы – 1955 жылдың 4 желтоқсанында Ақмола облысында туылған. 1993 ж. М.Уйгунатындағы Ташкент Мемлекеттік өнер институтын қуыршақ театры актері мамандығы бойынша бітірген. 1975 жылдан бастап МКҚК «Мемлекеттік қуыршақ театрында» қызмет атқарып келеді.

2004 жылы ҚР  Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталды.

Театрымыздың 60 жылдығына орай және  Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамотасы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. 

Сахнадағы ойнаған рөлдері: 2004-2013 жылдар арасында режиссердің көмекшісі болумен қатар «Сәбираның әлегі» - Қарашаш, «Ынжық Ораш» - Сабира, Қарашаш, «Балабек» - Мама, «Ақымақ арыстан» - Түлкі, «Аладдинның сиқырлы шамы» - Будур, Мама, «Қаңбақ шал» - Қаңбақ шал, кемпір, қара дау, қызыл дау, Түлкі, «Спорт Қожа» - Алтыншаш, Жалқау, «Тарқамайды тойымыз» - Ханума, Армян, Прибалтықтар, «Үш торай» - Ниф-ниф, «Аққу Жібек» - Жеңге, дауыс, аққу, «Атамекен» - жүргізуші, мама  және орыстың халық ертегілерінде ойнады.