21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаевтың табыстауымен өнер ордамыздың жаңа бағытта жандануы мен насихатталуы жолында аянбай тер төгіп жүрген майталман мамандар Әбдібаев Ордабай, Момынжанова Ұлбосын, Кумарова Эльмира және Жәкенова Алия Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» төсбелгілерімен марапатталды.
Үздік қызметкерлеріміздің марапатталуына қолдау білдірген Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Майлибаев Ғани мырзаға зор алғыс білдіреміз!
Қуыршақ театр қасиетін ардақ тұтқан әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтай келе, шалқар шабыт, толайым табыс тілейміз!

28.05.2023