Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Теремок

Жанр: Ертегі
Автор: Е.Локшина
Режиссер: А.Зайцев
+3

«Теремок» - орыс халық ертегісінің негізінде сахналанған жарқын әрі қызықты қойылым. Балалар ғажайып орманға тап болып, ондағы тұрғындармен танысады. Олардың үлкен саңырауқұлақтан тұрғызылған үйшіктері бар. Ормандағы әрбір тұрғын балаларға түрлі қызықты ойындар, би, жаттығу, тіпті саңырауқұлақ жинауды үйретеді. Қойылым балаларды қонақжай, қайырымды, тату болуға шақырады. Сонда ғана кішкентай ғана үйшікке үлкен жан-жануарлар бірлесе тұра алады. Қойылым жарқын әрі көңілді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен бірге оқиға ішіне еніп, кейіпкерлерге барлық қиындықтарды бірге жеңуге көмектеседі.