Орыс халық ертегілері
Жанр: Ертегі
Автор:
Режиссер: Қ.Ешмұратова
+3
Қойылымға орыстың үш классикалық ертегілері енді: «Шалқан», «Үйшік», «Маша мен аю».
Біздің бәріміздің бойымызға бала кезден қайырымдылықты сіңіретін қарапайым ертегілер.
Шалқан: Жерден үлкен шалқанды тартып шығару үшін, тіпті кішкене тышқанның да көмегі қажет екен.
«Маша мен аю»: Орманда адасып кеткен кішкене Маша қулығы мен ақылдылығының арқасында үлкен әрі күшті аюды өзін әжесі мен атасына апарып салуға көндірді.
«Үйшік»: Ормандағы кішкене үйшікке түрлі аңдар - шөкімдей шыбын мен үлкен қасқырға дейін қоныстанды. Алайда, дәу аю ұядай үйді басып кетті, енді жаңадан тұрғызу қажет!