Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Тоба

Жанр: Ертегі
Автор: Еркін Жуасбек
Режиссер: Жұлдызбек Жұманбай
+6

«Тоба» қойылымы бүгінгі күннің оқиғасын, мәселесін көтеруді мақсат тұтқан. «Не кием, не ішем» деген уайымы жоқ жас баланың, армандайтын да сұранысы таусылып, аспан әлемі мен су астындағы өмірге құштарлық танытқанда, түсінде құстар мен балықтар арасынан бірақ шығып, «тәубесіне» келуі шығарма оқиғасын құраған. Кішкентай көрерменге тіршілік дегеннің күрес екенін, аң болсын, құс болсын бір жаны үшін арпалысқа түсіп, «жеңіс» жолында қаншама қулық-сұмдықты, құйтырқы сыбайластықты пайдаланып кетуге бейім екендігі шығарма кейіпкерлерінің мысалдарында негізгі қақтығыс ретінде көрсетіледі.