Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Romeo & Juliet

Жанр: Трагедия
Автор: У.Шекспир
Режиссер: Д.Жұмабаева
+18

Мәңгі махаббат бар жерде машақат бар. Әулет пен тобырдың кесірінен қаншама махаббат құрбан болды. Бұл – ықылым заманнан бері келе жатқан адамзаттық ахуал. Шырғалаңға толы бұл қойылым трагедия емес. Махаббат, өшпенділік, сағыныш пен батылдықты қуыршақ кейіпкерлерінің бейнесінде көресіз.