Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Алтын адам

Жанр: Эпикалық ертегі
Автор: Ә.Файзуллаұлы
Режиссер: Ю.Уткин
+3

Алтын адам – 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында табылған сақтар тайпасының батыры. Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті жас көсемі, Қазақстанның азаттық символына айналған тұлға. Қойылымның көтерген тақырыбының өзектілігі сол– жас баланың азамат болып қалыптасу жолында түзу жолдан таймай, рухы биік, ержүрек батырға тән қасиеттерді бойына сіңіріп үйренуге дәріптейді.