Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Каштанка

Жанр: Ертегі
Автор: А.П.Чехов
Режиссер: К.Адылов
+3

Бейтаныс жандардың үйіне келген кішкентай сары иттің оқиғасы ересектерді де, балғын көрермендерді де бей-жай қалдырмайды. Спектакль жеңіл әрі терең философиялық негізге құрылған. Қойылым көңілді, сонымен қатар мұңды. Бас кейіпкер Каштанка өмір жолында маңызды шешімді шығаруы тиіс. Ол: бостандықтағы жайсызсыздық немесе тоқтықтағы бірсарынды өмір. Қойылым – көрерменге қандай жағдай болмасын әркім өз өмірінің иесі, өмір сүру ортасын өзінің таңдайтындығын көрсетеді.