Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Ана жүрегі

Жанр: Драма
Автор: Е.Ионов
Режиссер: А.Зайцев
+16

Ана мен бала... Қаншама ғасыр ағыны өтсе де, өмірдің кілтін ұстап тұрған осы егіз ұғым ешқашан құндылығын жоғалтпақ емес. Ана балаға, бала анаға тәуелді. Бірақ, біз бүгінгі заманда бұл түсінікті қалай қабылдаймыз? Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың деп жатамыз. Әркімнің анаға деген меккесі жүрегінде. Ал бүгінгі жастар ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалай түсінеді? Олардың ойлағаны не?! Аталмыш қойылым арқылы біз осы сауалдарға жауап іздейміз.