Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Медея

Жанр: Трагедия
Автор: Еврипид
Режиссер: А.Салбан
+16

Медея – Отаны мен жанұясын махаббат жолында құрбан етіп, басын қатерге тіккен жан. Ол бұл жолда Ясонның құлы болуға әзір еді. Ессіз сүйген ғашығынан да дәл осындай сезім күтті. Алайда, махаббат үшін бастан өткерген қиындықтарынан кейін, сүйіктісі Ясонның Коринф елінің ханшайымына үйленгелі жатқанын хабарлайды. Күйеуінің балаларымның болашағы үшін деген ақталуына қарамастан, өкпелі Медея Ясонның байлық пен билікке ұмтылысын аңғарып, кек алуға бекінеді. Маxаббатқа құл болған Медеяның мұңы мен қайғысын әр көрермен тап жанында тұрып сезінуі тиіс. Жер шарының түкпір-түкпірінде сахналанған әлемге аты мәшһүр бұл қойылым Мемлекеттік қуыршақ театрының сахнасында жаңа заман махаббатын, қоғам тынысынан сыр шертіп, өзгеше әсер сыйлары анық.

Билет алу