Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Үш торай

Жанр: Ертегі
Автор: С.Михалков
Режиссер: С.Мақұлбеков
+6

Өмірдің қарапайым қағидалары – бір-бірімізге көмектесу, қиын кездерде қолдау көрсету, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруден тұрады. Қойылым барысында үш торай әрқайсысы өз алдына суықта пана болатын, дұшпанынан қорғайтын баспана тұрғызудың әбігеріне түседі. Бірліксіз салынған баспана олардың жауын ықтыра ала ма?! Ертегі адамдардың әркез бір-біріне мейірімділік танытып, қиын кездерде қол ұшын беруден аянбауын аңғартады.

Билет алу