Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

«Таңшолпан» бағдарламасы тікелей эфирінде Қуыршақ театры

22 Қазан 2020

 

Ардақты көрермен! Сіздің назарыңызға «Таңшолпан» бағдарламасында көрсетілген Қуыршақ театрына қатысты бейбебаянын ұсынамыз!

 

«Қазақстан» телеарнасында дүйсенбі және жұма күндері аралығында көрсетілетін «Таңшолпан» бағдарламасында 2020 жылы қазан айының 22-сі күні тікелей эфирде Мемлекеттік Қуыршақ театрына қатысты сюжет көрсетілді. Аталмыш сюжеттің көрсетілуіне театрымыздың кезекті 86-шы маусымды бастауы себеп болды. Кішігірім сюжеті видеода Сымбат Санатқызы есімді «Таңшолпан» тілшісі театрымызды аралап, қуыршақ жасаушы шеберлердің жұмыстарымен танысып, жаңа «Өмір – Өзен» спектаклінің дайындығын бір көріп, қуыршақ суретшісі Болат Аманқұлмен және режиссер Еркебұлан Қабдылмен тілдеседі. Жоғарыда осы бір сюжеттің бейнебаяны орналасқан!