Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Өмір - Өзен

Жанр: Шоу-концерт
Автор: Еркебұлан Қабдыл
Режиссер: Еркебұлан Қабдыл
+12

Туған халқын мөлдір мұңлы, ерекше сазды ғажайып әуенмен тербеген сазгер - Шәмші Қалдаяқов есімі баршаға аян. Оның қиялынан туындаған әрбір әуен ақындар шабытымен ұштасып, халқының жүрегінен өшпестей орын алды. Тыңдармандары Шәмші әндерін алғашқы нотасынан-ақ таниды. Шығармашылық иесі үшін өзі жырлағандай мұнан артық «бақыт құшағы» болмаса керек. Қуыршақ театрында алғаш рет әуелейтін сазгер сазы да көрерменге өзгеше әсер сыйлары анық.