Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қуыршақ театры артисттері «Таңғы студио» ТВ бағдарламасында қонақта

21 Қазан 2020

 

Қуыршақ театрының ардақты жанкүйері! Сіздің назарыңызға «Таңғы студио» ТВ бағдарламасының Қуыршақ театры артисттері қонақ ретінде қатысқан бөлімін ұсынамыз!

 

«AlmatyTV» телеарнасында дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат 09:00-да басталатын «Таңғы студио» бағдарламасында Мемлекеттік қуыршақ театрының Мақсат Қамалов және Гүлбаршын Өнімбай есімді артисттері қонақта болған еді. Олар аталмыш бағдарламаға Қуыршақ театрының кезекті 86 маусымы ашылуына орай қатысқан болатын. Бағдарлама бөлімінің түсірілімі барысында артисттер театр маусымын тұсаукесерімен ашатын «Өмір – Өзен» атты жаңа спектакль жөнінде сөз қозғап, артынан қуыршақ жүргізуге байланысты қызықты мәліметтермен бөліскен еді. Осы бір бағдарлама бөлімінің бейнебаянын жоғарыдан тамашалай аласыздар.