Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Жуырда "Ұлттық құндылықтардың ұлық мерекесі - Әз Наурыз" онлайн дөңгелек үстелі өтеді

15 Наурыз 2022

17 НАУРЫЗ, САҒАТ 15.00 

 

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай Мемлекеттік қуыршақ театры Түркия Республикасы, Анкара қаласының «Темпо» қуыршақ театры, Башқұртстан Республикасы, Уфа қалалық қуыршақ театры, Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры, Ақтөбе облыстық Алақай қуыршақ театры, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұжымдарының қатысуымен ұлттық нақыштағы және наурыз тақырыбында жазылған туындылардың маңызын көрермен арасында кеңінен насихаттау, ұлттық қойылымдардың театр репертуарындағы орны мен маңызын дәріптеу мақсатында кезекті онлайн дөңгелек үстелін ұйымдастырады. 

 

✔️ Күтілетін нәтиже: Халықаралық, республикалық фестивальдер мен форумдарда, семинарларда Наурыз мерекесінің негізгі құндылықтары мен ерекшеліктерін, маңызын дәріптеу, өзге ұлт өкілдеріне таныстыру, Қазақстанның жаһандық әлемдегі  ұлттық театр, қуыршақ театры өнерін кеңінен таныстыру, шығармашылық байланыс орнату. 

 

ӨНЕР СҮЙЕР ҚАУЫМДЫ ШАҚЫРАМЫЗ!