Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Талғат Есеналиев Мүсірепов театрының директоры қызметіне тағайындалды

15 Ақпан 2022

Театр ұжымы театрымыздың директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Есеналиев Талғат Қамқабайұлына бүгінге дейінгі жасаған шығармашылық еңбегі мен елеулі істері үшін АЛҒЫС БІЛДІРЕДІ.

 

Талғат Қамқабайұлы 2016 жылдың қазан айынан бастап Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры қызметіне тағайындалды. 20 жылдан астам тәжірбиесі бар білікті басшы, іскер маман, ардақты азамат басшылық еткен тұста театр Халықаралық және Республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленіп, лауреат атанды. Қуыршақ театры репертуары қазақ және әлем классикасының үздік шығармаларымен толығып, қазақ қуыршақ өнері жаңа белеске көтерілді. Театр ұжымымен жасаған әрбір жаңа қойылым, мерекелік іс-шаралар мен түрлі тәжірибелер қуыршақ театрының кәсіби мүмкіндігін арттыра түсті.  Талғат Қамқабайұлының бастамасымен театрішілік фестивальдер, "Қазақ қуыршақ театры" кітабының тұсаукесері, бірнеше ересектерге арналған спектакльдер премьерасы жарық көріп, республикалық, Халықаралық деңгейде іс-шаралар өтті.

 

Қадірлі Талғат Қамқабайұлы! Алдағы қызметіңіз жемісті, бастамаларыңыз берекелі болсын!