Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қазақстандық Ромео мен Джульетта Санкт-Пебербургке аттанбақ

14 Маусым 2021

Халықаралық фестивальдерге қатысу Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры үшін өте маңызды, себебі сол арқылы театрдың абыройы артып, ілгері даму мүмкіндіктері көбейе түседі.

Ағымдағы жылдың 7-13 маусымында театр ұжымы XV Халықаралық «Наурыз» түркі халықтарының театр фестиваліне «Мен бір жұмбақ адаммын... Абай» қойылымымен онлайн түрде қатысып, сыншылардың оң бағасына ие болды.

Ал енді театрды тағы бір қызық фестиваль күтіп тұр. Атап айтқанда, Маусымның 22-30 аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін «КУКART-XV» қуыршақ және синтетикалық театрлар фестивалі. Аталмыш фестивальге қуыршақ театры офлайн түрде режиссер Д.Жұмабаева қойған У.Шекпирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклімен қатысады. Қойылым фестиваль бағдарламасына сәйкес 27 маусым күні сағат 16:00-те көрсетіледі.

Қазақ қуыршақ театры өнерінің өрлеуі мақсатында келешекте де халықаралық фестивальдерге қатысу Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры жоспарында бар.

 

Сілтеме: https://exk.kz/news/97541/kazakhstanskiie-romieo-i-dzhulietta-iedut-v-sankt-pietierburgh