Қадірлі театр сүйер қауым!
Шыңғыс Айтматов повесі желісімен сахналанған режисеер Дина Жұмабаеваның «Ана – Жер ана» қойылымы жақында ғана «ЭРГҮҮ» қырғыз театр сыйлығын «Қырғыз авторының шығармасын ең үздік сахналаған шет елдік театр» номинациясы бойынша жеңіп алды. Аталмыш іс-шара «27 наурыз – Халықаралық театр күні» мерекесі қарсаңында онлайн форматта өткізілген болатын. Қырғыз Республикасының «ЭРГҮҮ» ұлттық премиясының негізі 2014 жылы Театр қайраткерлері одағының бастауымен және «Айтыш» фондының қолдауымен қаланған. Бұл премия Орта Азия өңіріндегі беделді театр сыйлықтарының бірі болып саналады.