Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Сыншылар жүлдесі

13 Ақпан 2020

Бүгін "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР СЫНШЫЛАРЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ" тұсаукесері және "СЫНШЫЛАР ЖҮЛДЕСІН" иеленген театрларды марапаттау рәсімі өтті. 2019 жыл бойынша мемлекеттік және жеке театрлар шығармашылығына сараптама жүргізген сыншылар бес аталым бойынша театрларды марапаттады.

Зерттеу нәтижесінде республикамыздағы сараптамаға қатысқан 44 театр арасынан Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театрының ұжымы 2019 жылғы премьерасы өткен "Айко мен Страшко" (реж.: Д.Бурман) қойылымы үшін "СЫНШЫЛАР ЖҮЛДЕСІН" иеленді.

Зерттеу нәтижесінде Мемлекеттік ҚУЫРШАҚ театрының ұжымы 2019 жылғы БАСПАСӨЗ беттерінде театр жаңалықтары мен артисттердің шығармашылық порттері, ақпараттық мақалалар ең көп жарияланған және театр ресми сайтын тұрақты жүргізіп отырған театр ретінде танылды. Сонымен қатар, сараптамаға қатысқан 44 театр ішінде республикалық және Халықаралық театр фестивалдеріне қатысқан театрлар арасында көш бастап тұрған Мемлекеттік #ҚУЫРШАҚ театры екені аталып өтілді.

Театр ұжымын жаңа жылдағы жағымды жаңалықпен құттықтаймыз! Жемісті күндер көп болғай!