Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕН ОРАЛДЫ!

2 Қазан 2019

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 24-30 аралығында РЕСЕЙ Федерациясы, ОМСК қаласында өткен "В гостях у Арлекина" Халықаралық театр фестивалінен театр ұжымы абыроймен оралды. Әлемнің 10 мемлекетінен 18 театр ұжымы қатысқан айтулы додада кәсіби шетелдік сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болып, ресейлік көрермендердің зор ықыласына бөленді. "Ана жүрегі" (реж.:А.Зайцев) қойылымымен театр мамандарын таңдандырған әріптестерімізді кезекті шығармашылық белестерімен құттықтаймыз!

Естеріңізге сала кетейік, театр ұжымы қазан айында Түркия мемлекеті, АНКАРА қаласында өтетін Халықаралық театр фестивалінде бақ сынайтын болады. Өнер бәсекесі мен тәжірбиесінде кәсіби шеберліктерін жан-жақты шыңдап келе жатқан ҚУЫРШАҚ театры көрермендерін қуантуға дайын! Бізбен бірге болыңыздар!