Құлназаров Шохан Жалғасбайұлы – 1994 жылы 9 тамызда Алматы облысы, Іле ауданында туылған. 2010-2013 жж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің актер шеберлігі бөлімін «Қуыршақ театрының актері» мамандығы бойынша бітірген. 2013-2016 жж. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Музыкалық білім» мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты.
2010 жылдан бері Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрында актер болып жұмыс жасап келеді. Ізденімпаз, жас та болса талпынысы жоғары артистің театр репертуарындағы рольдері де аз емес. Атап айтқанда, балаларға арналған қойылымдарда «Буратино» – Пьеро, Базилио, «Қызыл телпек» – мысық, «Алтын балапан» – қасқыр, «Көңілді қонжықтар» – Топ, «Түйме қыз» – қоңыз, «Алтын адам» – Азат батыр, Алтын адам, «Құлыншақ пен бөлтірік» – арлан, «Тоба» – немере, «Кішкентай бақаның шым-шытырық оқиғалары» –Хрип, «Сағыныш шөбі» – жаршы, сонымен қатар, ересектерге арналған Еврипидтің «Медеясында» – Аид, Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» – Лоренцо пірәдәр, Бенволио, Тибальт, Капулетти, Монтекки рольдерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Жақында ғана шетелдік театр фестивалінен оралған артистпен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
– Қайырлы күн, Шохан Жалғасбайұлы! Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы XIV Халықаралық түркі елдерінің «НАУРУЗ» театр фестивалінен оралдыңыздар. Биыл екінші рет қатысқан театр фестивалі, көрген қойылымдарыңыз бен алған әсерлеріңіз турасында әңгімелеп берсеңіз?
– Қайырлы күн! Иә, жақында ғана кезекті театр фестивалінен оралдық. Татарстан Республикасы, Қазан қаласына екінші рет бардық. Екі жыл бұрын аталмыш фестивальге «Алтын адам» қойылымымен барған болатынбыз. Балаларға арналған қойылымды, қуыршақтармен жасалған жұмысты сарапшылар өте жоғары бағалаған болатын. Бұл жолы ересектерге арналған У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклін сахналадық. Театр мамандары ең алдымен бағытымыздың жаңарғанын, жоғарғы буын көрермендері үшін қуыршақ өнерінің жаңа үлгісін қалыптастырғанымызды ерекше атап өтті. Әсіресе, қуыршақ жасау шебері Николай Проскуриннің еңбегін және әлімдік классика кейіпкерлерін жастардан құралған актерлік ансамбльдің өте жоғары дәрежеде ойнап шыққанын тілге тиек етті. Спектакльдегі барлық артистер отыз жасқа дейінгі буын болатынбыз. Бірнеше рольді еркін игеріп жүрген артистер ерекше атмосфера түзе білді деп баға берді. Жалпы, алдағы уақытта түрлі жанрдағы қуыршақ қойылымдарын біздің орындауымызда көргісі келетіндерін айтып, ізгі тілектерін білдірді. Қуыршақ жүргізу және оны реквизит ретінде қолдана білгендеріңіз ұтымды деп баға берді. Біз сахнадан қаншама энергиямызды жұмсасақ, спектакль соңында көрермендер дәл сондай ыстық ықылас білдірді. Жай ғана барып қоймай, фестивальдегі қойылымдарды уақыт мүмкіндігіне қарай үлгеріп көруге тырыстық. Атап айтқанда татар халқының ұлттық бас театры Г. Камал атындағы татар мемлекеттік академиялық театрының «Өмір ме бұл?» атты спектаклін тамашаладық. Артистердің өзін сахнадан еркін ұстауы, жеңіл сезінуі, сахналық шешім өте ерекше әсер етті. Қуыршақ және драма театрлары қойылымдары қатар жүріп отырды. Осыдан-ақ, қуыршақ театрларының деңгейі драма театрларымен теңескенін аңғаруға болады.
– Жақсы, фестиваль жайында өте көп мағлұмат бердіңіз. Шығармашылықтарыңыз шарықтай берсін. Енді, жеке шығармашылығыңызға ойыссақ. Театрдағы жас, белсенді, ізденімпаз артистердің бірісіз. Бұл мамандыққа деген махаббат қанша жаста оянып, қуыршақ өнеріне қалай келдіңіз?
– Жалпы, мектепте оқып жүрген кезімнен өнер саласына ерекше қызығушылым болды. «Актерлік өнер» үйірмесіне, барлық концерттер мен іс-шараларда ұйымдастырып, өнер көрсетіп жүретінмін. Кейін ұстазым Айжан Ахметова Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне тапсырып көруге ұсыныс білдірді. Негізі, хореография мамандығына тапсырған болатынмын. Бірақ, бойың қысқа деп қабылдамады. Солай Алланың қалауымен, қуыршақ театрының артисі мамандығына шығармашылық емтихандарды тапсырып, актер-студент атандым. Майса Омарбекқызы қабылдады. Екінші ұстазымыз – Серік Мақұлбеков. Біздің мамандыққа деген махаббатымызды оятқан сол кісілер болды. Қуыршақ өнерінің дамитынына, және оның дамуы бізге байланысты екенін ұғындыра білгеніне алғыс айтамын.
– Қуыршақ театрында жұмыс жасап жүргеніңізге жеті жылға жуық уақыт болды. Театр ұжымы, үлгі тұтатын аға буын әріптестеріңіз жайында сөз қозғасақ?
– Әрине, Болат Момынжанов, Айдын Жақыпбаев, Алтай Тәуекелов, Бақытжан Қаюов ағаларымыз шығармашылық жағынан болсын, жалпы азамат ретінде үлгі. Жастық буынмен көбіне қалыптастыра алмай жүрген қасиеттерімді осы кісілерге қарап түзетуге тырысамын. Өз жұмыстарына тиянақтылықтары, шеберліктері мен адами болмыстары маған ғана емес, барша жастарға үлгі деп білемін. Нәзік жанды әріптестерім, аналарымыз Қарашаш Абуева, Еркеш Жүнісова, Эльвира Сүлейменова, Марал Тәуекелова және ең ерекше Гүлжамиля Ильясова апамыздың ешнәрседен бас тартпайдындығы ұнайды. Қандай роль болмасын дайын болып, жасап шығуға тырысады. Барлық спектакльді жатқа біледі деп айтсам болады.
Шохан Құлназаров: «Мамандығыма деген махаббатымды оятқан – ұстаздарым»

– Сізді де репертуардағы қойылымдардың мәтінін, әр кейіпкердің репликасын жатқа біледі деп жатады. Жастық жалын, жігерді аңғару да қиын емес бойыңыздан. Энергия, күшті қайдан аласыз?
– Қойылымдардың барлығын емес, біразын білемін деп айтсам болатын шығар. Жалпы, тыңдау арқылы есте сақтау қабілетім жақсы. Әпкем де 17 тілді арнайы білімсіз үйреніп, бүгінде халықаралық қатынастар саласында жұмыс жасайды. Менде де бір рет естіген поэзия, сөздер есімде жатталып қалады. Осы қасиетімнің арқасында, артистер белгілі себеппен келмей, бір сағат қалғанда қойылымдарға кіргізіп жіберетін кездер болады.
– Нағыз өнер адамы мінезді келеді деп жатады. Таланттың бағын мінез байлап жататын сәттер болады. Сіз ол жайында не ойлайсыз? Мінездің тағдырға, шығармашылыққа әсер еткен сәттері болды ма? Мәселен, басты рольден айырылып қалу немесе өз еркіңізбен бас тарту деген секілді?
– Мінезсіз шынайы өнер иесі болуы мүмкін емес шығар. Рас, ондай жағдайлар болды. Театрға алғаш қабылданып, өзімді «дипломы бар артист» сезініп жүрген кезімде еркелікпен бас тартып жүрген кездерім болды. Бірақ, қазір басылып, әріптестерімнің үлгі болып, бағыт көрсетіп, қолдауының арқасында тұлға ретінде қалыптасуға қадам бастық. Дегенмен, әр артистің жеке «мені» болуы керек деп ойлаймын. Шыны керек, оң бүйірімнен келмеген рольдерімнен бас тартқан сәттерім болды.
– Үш жылға жуық уақыт болды, театрдың жаңа бағытқа қадам басқанын жазбаған журналист, тілге тиек етпеген тілші, ғылыми тұрғыдан пікір білдірмеген театртанушы кемде-кем. Енді, театрдан қандай спектакльдер көргіңіз келеді және қандай рольдер ойнағыңыз келеді?
– Әрине, көргім келетін қойылымдар көп, оның ішінде қазақ фольклорынан шығармалар сахналанса. Кішкентай буынның, интернет, ғаламтордан қызығырақ, бауырмалдыққа үндейтін, мән-мағыналы қойылымдар сахналасақ. Театрымыз Гоголь мен Пушкин көшесінің қиылысында орналасқан. Сол ақын, жазушылардың да ғибратты дүниелерін сахналасақ жас ұрпаққа пайдасы тисе деген ниетім бар. Әрине, өз ретімен оның бәрі орындалады деп ойлаймын. Қазақ класссикалық ертегілері де, әр-түрлі жанрдағы қойылымдар да репертуардан өз орынын алады деп ойлаймын.
– Театр – тұрақты жұмыс. Шығармашылығыңызды одан әрі шыңдау мақсатында кино саласында бақ сынап көруге қалай қарайсыз?
– Әрине, қазіргі таңда бейнебаяндарға, бірнеше жобаларда бақ сынап көрдім. Бүгін ғана «Қасым хан» фильміне шақырту түсіп, кастингке келуге ұсыныс жасады. Кім біледі, қай фильмдегі қай рольдің бағымыз болатынын. Бірақ, барынша шеберлігімізді шыңдап, тәжірибемізді молайтуға тырысамыз. Әрбір ізденуші артист өз режиссерін тауып, өз биігін бағындыра беруіне тілекшімін. Кино, театр өнері қай сала болмасын әр адам өз мамандығына деген махаббаты өшпесін деген тілектемін.
– Жалпы, қуыршақ театры қазақ театр өнері бәйгесінде алдыңғы шепті бастап келе жатыр десек артық айтқанымыз емес. Осы қарқын бәсеңдемей, жетістіктеріңіз мол болсын деген тілек білдіреміз! Бәйгеде ылғи бір жүйрік қана алда болмайды, бастысы алға ұмтылуды, еңбек етуді тоқтатпасаңыздар өз жемісін береді деген сенімдеміз. Сізден барша қазақ өнерін жасаушылар мен жанашырларына деген тілек болса?
– Тілегіңізге көп рахмет. Әрине, еңбегіңді ең алдымен жаныңда жүрген әріптес театрлар мойындай білсе, сонда ғана қалыптасқаның белгілі болады. Біздің шығармашылығымызды бақылап, келіп, пікір білдіріп жатқан барша әріптестерімізге алғыс білдіреміз! Тек өзімібен өзіміз ғана емес, біз де барша премьераларды көріп, өзімізге қажетін алуға тырысамыз. Бір бәйгеде шауып келе жатқан өнер атты алаңда ешбір театр артта қалсын деп тілемейміз. Керісінше, бірігіп, әлем елдері тамсанатын деңгейге жете берейік.
– 22-30 маусым күндері аралығында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласында өткен әйгілі «КукАRT» Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінен еліміздің абыройын асқақтатып, қазақ театр өнерінің туын биіктетіп оралдыңыздар! Осы фестиваль жайында аз-кем әңгімелеп берсеңіз?
– Иә, өнер ордамыз маусым айының 22-30 күндері аралығында Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласында фестивальдің 25 жылдық мерейтойының құрметіне ұйымдастырылған «КукАRT» Халықаралық театр фестиваліне А.Зайцев режиссерлігімен сахналанған «Ана жүрегі» спектаклімен қатысты. «Ана жүрегі» – бірнеше театр фестивальдерінен өзінің лайықты бағасын алып жүрген спектакліміз. Анаға деген құрмет, ананың қадірі жайында күрделі ойды баяндайтын, заманауи театр стилистикасының негізінде сахналанған. Театрымыздың мүмкіндігінің жан-жақтылығын танытып аталмыш фестивальде ұжымымыз «Үздік спектакль» және «Үздік актерлік ансамбль» номинацияларын жеңіп алды. Алда тағы бірнеше театр фестиваліне шақырту келді. Қазақ қуыршақ театры өнерінің әлемдік деңгейге көтерілуі үшін тынбай жұмыс жасайтын боламыз!
– Сұхбатыңызға көп рахмет!
Сұхбаттасқан Бейбіт АЗАМБЕКҚЫЗЫ
"Жастар жанары" ақпараттық порталы