Интернационал театр орталығының «Жұлдызды жаңбыр» спектаклі
Жанр: моноспектакль
Жас ерекшелігі: 16+
Ұзақтығы: 55 минут
Тілі: орыс
Өтетін орны: Кіші зал
Өтетін уақыты: 23-қазан, 10:00
Байқаудан тыс көрсетілім
Спектакльдің шығармашылық құрамы:
- Автор – Леонид Енгибаров
- Режиссер әрі суретші – Ольга Мельник
- Композитор – Гендель, Бах, Таривердиев
Спектакль туралы:
«Жұлдызды жаңбыр» – әйгілі клоун, мим әрі жазушы Леонид Енгибаровтың өмірі мен шығармашылығына негізделген лирикалық моноспектакль. Туындыда күлкі мен мұң, қуаныш пен жалғыздық, өнер мен өмір арасындағы қайшылықтар суреттеледі. Көрермен сахна сыртындағы адамның жан дүниесіне үңіліп, оның өз болмысын іздеу жолындағы ішкі арпалысына куә болады.
Режиссер Ольга Мельник сахналаған спектакльде басты әрі жалғыз рөлді Кирилл Карасов сомдайды. Леонид Енгибаровтың прозалық миниатюралары негізінде өрілген спектакль өнер адамының шынайы сезімдері, махаббаты, қорқынышы мен үміті туралы сыр шертеді. Әзіл, пантомима және поэзия тоғысқан туынды көрерменді күлкіден терең толғанысқа жетелейді.
Театр туралы:
Италияның Флоренция қаласында орналасқан Интернационал театр орталығы (Centro Teatro Internazionale) шамамен 30 жыл бұрын режиссер Ольга Мельниктің бастамасымен құрылған. Театр италиялық және орыс театр мектептерінің шығармашылық дәстүрлерін ұштастырады. Оның ерекшелігі – драматургия, актерлік шеберлік, пластика, музыка, жарық және сахналық бейнелерді біртұтас көркемдік жүйеге біріктіру. Театр репертуарында классикалық әдебиет пен заманауи шығармалар негізінде сахналанған спектакльдер кездеседі. Ұжым халықаралық театр фестивальдеріне қатысып, шығармашылық тәжірибесін дамытып келеді.