Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қайранбеков Асан Сәметханұлы

Қайранбеков Асан Сәметханұлы 1976 жылдың 16 - қаңтарында Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келген.

1993 жылы  Алматы облысы Алакөл ауданы Қазақстан ауылындағы Қабанбай батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектепті бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1993 – 1994 жылдар аралығында Қазақстан ауылында клуб меңгерушісі қызметінен бастайды.

1994 – 1997 жылдары Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжінде «эстрадалық аспаптар» бөлімін тәмамдаған.

1997 – 1999 жылдары Үшарал қаласындағы горнизондық офицерлер клубында «Самал» ансамблінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған.

Ақын, композитор Асан Сәметханұлы 2016 жылы Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрына дыбыс режиссері ретінде жұмысқа қабылданып, 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін дыбыс және радио бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

Қазіргі таңда жоғарғы оқу орнында кәсіби білімін жетілдіруде.