Қазақша  |  Русский  |  English

Актерлер

Табылдиева Бота Алишерқызы

Табылдиева Бота Алишерқызы

Артист

Табылдиева Бота Алишерқызы 2004 жылғы 2 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген.

2021 жылы Ақтөбе қаласындағы №64 орта мектепті тәмамдаған.

2021–2025 жылдар аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Драма театры және кино артисі» мамандығы бойынша білім алып, жоғары оқу орнын аяқтаған.

2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Мемлекеттік академиялық театрында артист ретінде қызмет атқарып келеді.

Театр сахнасында сомдаған рөлдері: «Ромео & Джульетта» – Джульетта, «Менің атым Қожа» – Жанар, «Аладдиннің сиқырлы шамы» – Будур, «Бауырсақ» – Думка, «Буратиноның шым-шытырық оқиғасы»– акробатшы қыз.

Сонымен қатар «Мен кіммін», «Алтын балапан», «Алтын адам», «Өмір-өзен», «Мен деп ойла», «Қуыршақ думан», «Есте сақта, балақай!» спектакльдерінде көпшілік сахнада өнер көрсеткен.