Артист
Бақыт Дәулет Бақытұлы 2002 жылы 24 шілдеде Алматы облысы, Талғар ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген.
2019 жылы Б. Момышұлы атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясын тәмамдаған.
2019–2022 жылдары Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде білім алып, 2024 жылдан бастап театрда әртіс болып жұмыс жасап келеді.
Театр сахнасында сомдаған рөлдері: «Менің атым Қожа» – Сұлтан, «Есте сақта, балақай» – Али, Өрт сөндіруші, «Бауырсақ» – Тимка, «Лесное волшебство» – Үлкен Баба Яга, Аққала, «Қасқыр мен жеті лақ» – Қасқыр, Жүргізуші, «Қуыршақ думан» - көпшілік сахна