Қазақша  |  Русский  |  English

Актерлер

Оралов Ернар Берікұлы

Оралов Ернар Берікұлы

Артист

Оралов Ернар Берікұлы 1999 жылғы 16 мамырда Семей өңірі, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген.

2006 – 2017 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданындағы №104 жалпы білім беретін орта мектепте білім алып, оны сәтті тәмамдаған.

2017–2021 жылдары Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Театр өнері факультетінде «Драма театры және кино әртісі» мамандығы бойынша білім алып, жоғары оқу орнын бітірген.

2021 жылдан бастап Мемлекеттік қуыршақ театрының әртісі қызметін атқарып келеді.

Театр сахнасында сомдаған рольдері:

«Менің атым Қожа» – Жантас, «Қар ханшайымы» – Сиқыршы кемпір, «Алтын балапан» – Қасқыр, «Үйшік» – Қораз, Қасқыр, «Ақбайдың таңғажайып оқиғалары» – Ақтөс, «Наурыз құпиясы» – Ұлу, «Арыстан үрейі» – Шаман, «Жеті лақ» – Пианист, «Сұғанақ ешкі» – Ит, «Буратиноның шым –шытырық оқиғасы» – Перо, «Алтын адам» – Айбар, «Алладиннің сиқырлы шамы» –  Алладин, «Мен кіммін», «Ана жүрегі», «Шекпен», «Мен» қойылымдарында –  көпшілік сахна.