Қазақша  |  Русский  |  English

Актерлер

Батырханов Мейрхан Қадірқұлұлы

Батырханов Мейрхан Қадірқұлұлы

Артист

Батырханов Мейрхан Қадырқұлұлы 1995 жылы 28 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында дүниеге келген.

2010 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Қызылтал ауылында 9 сыныпты аяқтап, 2014 жылы «Құрманғазы атындағы саз колледжін» МКҚК «Арт– менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2015 – 2019 жылдар аралығында Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Қуыршақ театр әртісі» мамандығы бойынша Серік Мақұлбеков  шеберханасында білім алған.

2019 жылдан бастап Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрында қызмет атқарып келеді.

 

Театр сахнасында сомдаған рөлдері:

«Қуыршақ думан» –  Армян, Украин, «Ауыл иті Ақбай» – Ақбай, «Етік киген мысық» – Кісі жегіш, «Макбет» – Қақпашы, Дональбайн, «Шекпен» – Тігінші, «Түйме қыз» – Көртышқан, Қоңыз, «Қар ханшайымы» – Қарға, Бұғы, «Аяз» – Аяз ата, «Үш торай» – Қасқыр, «Қызыл телпек» – Қасқыр, «Анасын іздеген Мамонт» – Арыстан. «Үйшік» –  Аю, «Қасқыр мен жеті лақ» –  Қасқыр, «Қаңбақ шал» –  Режиссер, «Алладиннің сиқырлы шамы» –   көпшілік сахна, көмекші, «Шал мен теңіз» –  көпшілік сахна.