Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Сақтағанова Арай Құдайбергенқызы

Сақтағанова Арай Құдайбергенқызы 03.08.1990 жылдың 3 тамызында Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауылында  дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының қуыршақ бөлімін тәмамдаған.  2018 жылы «Сахнагер-2018» сыйлығының «Үміт» номинациясымен марапатталды. 2023 жылы «Дара» төсбелгісіне ие болды. 

Сахнадағы ойнаған рөлдері: «Жаңа жылдық шым-шытырық оқиға»-Ақшақар, «Ақ құс туралы аңыз» - Меңсұлу, «Алтын балапан» -түлкі, «Үш торай» - Ниф-ниф, «Орыс халық ертегілері» - немере, «Құлыншақ пен бөлтірік» - Құлыншақ, «Ана, Жер – Ана» – Әлиман, «Түйме қыз» - Түйме қыз, «Ромео мен Джульетта» - Леди Капулетти, Леди Монтекки, Розалина, «Айко мен Страшко» - Айко.