Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Қаздар мен Аққулар

Жанр: Ертегі
Автор: Елена Локшина
Режиссер: Антон Зайцев
+3

Орыс халық ертегісінің желісі бойынша сахналанған – «Қаздар мен аққулар» қойылымы мейірімділік, бауырмалдық, жанашырлық, қайсарлық пен табандылық қасиеттерінің маңызын дәріптейтін көңілді де тәрбиелік мәні зор туынды. Ертеде аядай ғана ауылда кішкентай бүлдіршіндерімен күйеуі мен әйелі өмір сүріпті. Бір күні олар шұғыл жұмыстарын бітіру үшін көрші ауылға жолға шығады. Сапар алдында әке-шешесі үлкен қызына кішкентай бауырын қарауды тапсырады. Алайда, қыз ойынның қызығына түскенші соншалық, тапсырылған міндеттерін мүдем естен шығарады. Сол сәтте күтпеген жерден зұлым қаздар мен аққулар ұшып келіп қыздың бауырын ұрлап әкетеді. Бауырын құтқару үшін қайсар қыз қауіпті жолға шығуға бел буады...