Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Морозко

Жанр: Ертегі
Автор: Құралай Ешмұратова
Режиссер: Құралай Ешмұратова
+3

Жаңа жылдың қарсаңында, адамдар мерекеге дайындалып жатқан уақытта қырсық мінезді Марфушка әпкесінің кесірінен өгей шешесі Настеньканы орманнан жидек тауып алып келуге жұмсайды... Сиқырлы мереке қарсаңында Настенька орман тұрғындарымен кездесіп түрлі қызық оқиғаларға тап болады. Ол көркем мінезі мен сыпайылығының, еңбекқорлығының арқасында жаңа достар тауып қана қоймай, Аяз атаның ризашылығына ие болып, бағалы сыйлықтармен қатар әпкесіне деп іздеген жидектерін алып үйіне оралады. Ал, тым ерке және қырсық Марфушка жағымсыз, қызғаншақ мінезінің кесірінен Аяз атаның сыйлығынан құр қалады! Белгілі ертегі бойынша сахналанған бұл қойылымда адамгершілік ізгі қасиеттердің маңыздылығы дәріптеледі. Қойылым көрерменге таңғаларлық жаңа жылдық атмосфера мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.