Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында театр ұжымы қатысуымен дөңгелек үстел өтті

23 Тамыз 2018

 Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Театр тариxы және теориясы" кафедрасының ұйымдастыруымен а.ж. 12-17 қараша күндері ҚЫРҒЫЗСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІШКЕК қаласында өткен заңғар жазушы Ш.Айтматовтың 90 жылдығына арналған "АЙТМАТОВ және ТЕАТР" Халықаралық фестивалі турасында театртанушы мамандар мен студенттерінің арасында фестивальдің көркемдік деңгейі мен ұйымдастырылуы турасында сараптамалық дөңгелек үстелі өтуде.

Дөңгелек үстелге қырғыз елінің театртанушышысы, театр сыншысы Элеонора ТУРДУБЕКОВА мен Мемлекеттік #ҚУЫРШАҚ театрының директоры, ҚР мәдениет қайраткері Талғат ЕСЕНАЛИЕВ арнайы қатысуда.

Естеріңізге саламыз, біздің өнер ұжымы фестивальге Ш.Айтматовтың "Құс жолы" повесінің желісімен саxналанған "АНА ЖЕР АНА" (реж.Д.Жұмабаева) трагедиялық қойылымымен қатысып, қазылар алқасының "АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚ" жүлдесіне ие болды.