Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!

"ҚУЫРШАҚТАР ШАҚЫРАДЫ - 2019" ІІ театрішілік фестивалінің ашылу салтанаты өтті

18 Наурыз 2019

"ҚУЫРШАҚТАР ШАҚЫРАДЫ - 2019" ІІ театрішілік фестивалінің ашылу салтанаты өз дәрежесінде өтті.
Фестивальдің шымылдығын "Romeo & Juliet" қойылымының көрсетілімімен аштық.
Қадірменді достар, фестиваль 18-21 наурыз аралығында өтетінін естеріңізге саламыз.
Сіздер үшін ҚУЫРШАҚ театрының есігі қашанда айқара ашық!