Бүгін Алматы қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов театр ұжымын "Халықаралық театр күнімен" құттықтай отырып, шығармашылық жетістіктердің мол болуын тіледі. Ұжымның мәдениет пен өнерін саласындағы міндеттерін абыройлы атқарып жүргенін тілге тиек етіп, театр директоры Талғат Есеналиев және Гүлжамиля Ильясова, Еркеш Жүнісова, Алтай Тәуекелов, Рүстем Жаныаманов, Марал Тәуекелова, Құралай Исмагулова, Жазира Ахметова сынды шығармашылық иелерін арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Ертегілер әлеміне құштар, ізгілікке сенетін кез келген адам Қуыршақ театрының билеттерін алуға асығады. Мұнда адамның жасына қатысты шектеу жоқ. Театрға келуші әр қойылымнан өзі іздеген жан тыныштығын табады, ерекше көңіл күйге бөленеді! Балалар әлемі ең көңілді, ең шынайы әлем! Ал қоғам осындай тазалыққа құштар!