Мемлекеттік қуыршақ театры артистері бүгін "Бөбек" гуманитариялық колледжінде студенттермен кездесу өткізді. Сырлы сұхбат қуыршақ жүргізуден мастер-класс, ұтыс ойындарымен жалғасты. Артистер әннен шашу шашып, поэзия оқумен де жастарға әсерлі кеш сыйлады. Театр тарихына, қойылымдарға қатысты сұрақтарына тұшымды жауап алған студенттер театр артистеріне алғыстарын білдірді.
05.04.2019